ХАБАРЛАНДЫРУ

Уақыты: 17.07.2024 жыл

Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің «Марал» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны  мекемесі (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйым) 17. 07. 2024 ж бос орынға  әдіскер   (1  шт мөлшерлемеде,белгісіз мерзімге.) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

1 .Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

 оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламадар жасайды;

 балаларға арналған білім берубағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

 жас жоспары бойынша сабақ кестесін жасайды;

оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын,әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;  

оқу-әдістемелік құжаттамаларды,құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастыру;

инновациялық педагогигалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

топтарды оқу құралдарымен, ойындармен,ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

оқу – әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

тәрбиешілер үшін сабақтар,мастер-кластар,семинарлар,жеке және топтық кеңестер,көрмелер,конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

тәрбиешілердің,психологтің, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

педагогтердің біліктілігін санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

2.Білуге тиіс:

Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын,Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;

педагогикалық этиканың нормаларын;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар меннормаларын;

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

 Міндетті түрде диплом жоғары оқу, мамандығы мектепке дейінгі тәрбиелеу,мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Педагог- модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2021жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021жылғы 22қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  1. Конкрусқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратынқұжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы «Қазақстан  Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы  № ҚР   ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №  21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог -зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатыныңболуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. 11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкрусқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Кондидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар ) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі  мекенжай  бойынша ұсынуы тиіс

Тапсыратын  құжаттары: Жеке  куәлігі, дипломы (сертификаттар, жетістіктері т.б), 0/86 медициналық тексеруден өткен анықтамасы немесе медициналық кітапшасы,  жұмыс кітапшасы, соттылығы жоқ туралы анықтама.  Тиісті  құжаттарды  «Марал» бөбекжай бақшасы  maral.balabakshasy@bk.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі – 17.07.2024 – 26.07.2024 (жеті жұмыс күні ішінде);

Мектепке дейінгі ұйымның  мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс  а.о., Кенжебек Момбеков №42 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылады (оқу жүктемесіне, біліктілік деңгейіне, өтіліне қарай есептеледі).